А.Цой «қызыл аймақтағы» өңірлерді қосымша шаралар қабылдауға шақырды

Өткен жылдың қараша айынан бастап вирус жұқтырғандар саны күрт өскен. Ал желтоқсанда 1,2 есе артты. 

Осы орайда министрлік басшысы өңірлер қосымша шаралар қабылдау керектігін тілге тиек етті.

«Қызыл» аймақтағы өңірлердің әкімдерін қосымша шаралар қабылдауға шақырамын. Қаңтарда Шығыс Қазақстаннан басқа облыстардың барлығында жұқтыру көрсеткіші артқан», – деді Алексей Цой.

Қазақстанда екі қала мен алты облыс «қызыл аймаққа» енгенін хабарлағанбыз.

Сонымен қатар Цой COVID-19 бойынша рейтингке де тоқталды.

«Қазақстан бүкіләлемдік рейтингте 221 елдің арасында 109-орында тұр (жұқтыру көрсеткіші бойынша). Өлім көрсеткіші бойынша 97-орында. Ал жазылғандар саны бойынша 87-орында. Жағдайы ауыр науқастар бойынша 50-орында», – деді ол.