Қазақстанда өсірілген қызанақтың құрамында қауіпті вирус жоқ

Қазақстанда өсірілген қызанақтың құрамында қауіпті вирус жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Өткен жылы Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі отандық өнімнен қауіпті вирус анықталғанын хабарлаған болатын. Тіпті өндірушілердің біріне тауар тасымалдауға шектеу қойылды. Алайда құзырлы ведомство жүргізген ресми тексеру нәтижесінде қызанақ таза болып шықты. Өнімнің тиісті талаптарға сәйкестігі жергілікті және Нидерландтағы зертханада сыналды.

Алмабек Марс, Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

– Біз «Россельхознадзормен» тиісті келіссөздер жүргіздік. Соның арқасында тиісті сұратқан ақпараттары карантиндік фитсанитарлық туралы толық жағдай осы жылыжайлардың екі облысы, Ақтөбе облысында 2 жылыжай және 1 жылыжай туралы толық ақпараттарын бердік. Соның арқасында 27 қаңтардан бастап «Россельхознадзор» біздің қазақстандық қызанақты Ресейге апаруға рұқсат берді.