Бюджет қаражатын тиімді жоспарламаған вице-министрге әкімшілік айыппұл салынды

Мәселе Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қарауында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы комитет төрайымы Наталья Годунова мәлімдеді. Оның айтуынша, ведомсвто жуық арада айыппұл салынған вице-министрге қатысты шешім шығарады. Сондай-ақ ол 2020 жылы тағы 8 лауазымды тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Еске салайық, былтыр заңға бюджетті дұрыс жоспарламаған және қаражатты тиімсіз жұмсаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде өзгеріс енгізілген. Бұл елдегі қаржы бақылауын жетілдіру үшін жасалған қадам деді төрайым. 

Наталья Годунова, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы:

– Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Қазір менің қарауымда вице-мнистрлердің біріне салынған әкімшілік айыппұл бар. Оған қатысты шешім шығарылады. Бұл заң нормасының жұмыс істей бастағаны білдіреді. Бұдан бөлек, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субьектілерінің ақпараттық жүйесін тексеру тиімділігін арттыру үшін заңға енгізілуі тиіс өзгерістер әзірленді. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау талаптарының аясы кеңейтілді.