Елордада КВИ-ға қарсы вакцина мөлшері жеткілікті ме

Елордадағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 дозасы бар.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Басқарма қоймасында көлемі 360 литр, ал сақтау температурасы -18-25°С болатын 4 тоңазытқыш бар. БМСК ұйымдарында жалпы саны 20 мұздатқыш камера (-18°С) жұмыс істеп тұр. Термоконтейнерлердің 82 бірлігі бар», - деді Тимур Мұратов.

Сондай-ақ басқарма ДСЭК-пен бірлесіп егу кабинеттерінің дайындығы мен вакцинациялау жүргізуге әрі «суық тізбекті» сақтау жағдайларының болуына мониторинг жүргізуді жалғастырады.