Шымкент тұрғыны есірткі тасымалдамақ болған

Түркістан облысының полицейлері есірткі тасымалдамақ болған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ кезекші бөлімінің «102» нөміріне кеден бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда Шымкент қаласының азаматы есірткіге ұқсас затты алып өтуге күдікті ретінде ұсталғаны туралы көрсетілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасына кіру бағытында шымкенттік тұрғынның басқаруындағы Volvo FH маркалы жүк көлігінің жүргізуші есігінің үстіңгі бөлігінен ақ қағазға оралған есірткі заты табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Тәркіленіп алынған айғақты затқа есірткі құралдарының сот-сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, 2 г-ға жуық кептірілген марихуана мен темекі бөлшектерінің қоспасы болып шықты. Қазіргі таңда күдікті азамат Келес АПБ-ге жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.