Алматыдағы түзеу мекемесінен қылмыскер қашып кетті

Алматыдағы тергеу изоляторларынан қылмыскер қашып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

34 жастағы Давутов Дамир Турдалимұлы 15 ақпанда түзеу мекемесінен қашып шыққан. Қылмыскер бұған дейін бірнеше рет сотталған. Соңғы рет алаяқтық әрекеттері үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған. «Ол жазасын жоғары қауіпсіздік мекмесінде өтеуі тиіс», - делінген хабарламада. Аталмыш дерек бойынша Алматы қалалық полиция департаменті сот алдындағы тергеу бастады. Қылмыскердің түзеу мекемесінен қалай қашқаны анықталуда. Оқиғаға қатытсы қызметтік тексеру жүргізіледі. Жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.