Коронавирус: Қазақстан «сары аймаққа» ауысты

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың мәліметінше, Қазақстан «сары аймаққа» ауысты.

«Қазақстан Республикасы тәуекелі төмен аймақтан немесе жасыл аймақтан тәуекелі орташа аймаққа немесе «сары аймаққа» ауыстырылды», – деді Қиясов.

«Қызыл аймақта» үш өңір бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы тіркелді.

«Сары аймақта»: Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған облыстар «жасыл аймақта» орналасқан.