Бірқатар өңірде жолдар жабық тұр

Ауа райының қолайсыздыңына байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар жабылды.

Атап айтқанда, дәл қазір Ақтөбе мен Атырау арасындағы бағыттың бір учаскесіндегі қозғалыс шектелді. Бұған қоса сол аймақтағы Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз тас жолының біраз бөлігі жабық. Ал Самара-Шымкент тас жолының бір бөлігінде жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Дәл осындай жағдай Қостанай облысында да болды. Яғни Денисовка және Қарабұтақ елді мекендерінің арасында жүк көліктері әзірге қатынай алмайды.