«Жер сағаты»: Дүниежүзінің 180 мемлекеті экологиялық акцияға қосылды

Өткен түнде күллі әлем экологиялық акцияға атсалысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлгі бастамаға Қазақстан да қолдау көрсетті. Тіпті елордада 150 тұрғын үй кешені үндеуге үн қосыпты. «Астана-Арена», «Алау» мұз айдыны, «Барыс Арена», «Мәңгілік ел» монументі, «Нұр Әлем» сферасы секілді көптеген ғитмараттар да кешкі 20:30-да жарықтарын сөндірді. Дүниежүзінің 180 мемлекетінде электр қондырғылары мен сыртқы жарықты бір сағат бойы тұтынудан бас тартып, әлемнің дұрыс тыныс алуына мүмкіндік тудырды. Кремль мен Биг-Бен, Эйфиль мұнарасы мен Колизей де 60 минут бойы қараңғы тартты. 2007 жылы Сиднейде басталған салт-дәстүрге айналғандай. Мысалы, 2008 жылы «Жер сағатын» 35 мемлекет қолдап, 400-ден астам қалада бір сәтте жарық сөнсе, келесі жылы 74 мемлекет әлгі бастамаға қолдау көрсетті.