Вакциналау паспорты Ashyq жүйесімен біріктіріледі

Шілденің бірінен бастап вакциналау паспорты Ashyq мобильді қосымшасымен біріктіріледі.

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір ведомство бұл жұмысты ұйымдастыру үшін IATA халықаралық қауымдастығымен келіссөз жүргізіп жатыр. Паспортпен қатар жылу карталарын да енгізу көзделген. Жүйеде әр қаланың пандемия кезіндегі белсенділігі тіркеледі.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Жылу карталары арқылы халықтың көп жиналатын орындарын анықтап отырамыз. 103, 1406, 1308, 102 нөмірлеріне хабарласатын азаматтардың шоғырланған жерлерін де көреміз. Барлық жауапты ведомстволар осы ақпаратты пайдалана отырып, санитарлық мониторинг жасай алады. Тәртіп сақшылары патрульдеу бағыттарын жоспарлауға мүмкіндік алады. Ал, дәрігерлер ауруханада қанша орын қажет екендігін біліп отырады.