Қазақстанда «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы бастау алды

Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы қолға алынады.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Акция аясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Дегдар» қайырымдылық қоры мұқтаж қазақстандықтарға азық-түлік және қажетті тауарлар түрінде көмек көрсетеді.