Мәдени мұра бойынша рейтингте Қазақстан 76-орында тұр

Мәдени мұра бойынша рейтингте Қазақстан 78 елдің ішінде 76-орынға ие болды.

Елдің индексі 100 балдың 0,3-іне бағаланған. Қазақстанды рейтинг бойынша көршілес Ресей (15-орын), Беларусь (71-орын) және Өзбекстан (75-орын) басып озды, деп хабарлады energyprom.kz.

ТОП-5 елдің қатарында Испания, Италия, Грекия, Франция және Мексика тұр. Рейтингтің соңында Оман орналасқан.

Индекс бес критерий бойынша есептелді: мәдени қолжетімділік, тарихи байлық, тамақ сапасы, мәдени және географиялық көрнекіліктер.