Қазақстанда алты өңір «қызыл аймақта» тұр

Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

23 мамырдағы жағдай бойынша «қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.