Ақтауда су кестемен беріледі

Ақтауда жиырмадан астам шағын ауданға су кестемен беріліп жатыр.

Таңғы алтыдан он бірге дейін және кешкі алтыдан түн ауғанға дейін су қалыпты ағады. Қалған уақытта қысымы азайып, сыздықтап тұрады.

Мамандардың айтуынша, сумен қамтамасыз ететін кәсіпорында жөндеу жүріп жатыр. Жөндеу басталғалы қалаға 40-42 мың текше су берілуде. Бұрын 48 мың текше метрге дейін жіберілетін. Маусым айының ортасына дейін кәсіпкерлік нысандарына да су беру шектеледі. Осы кезеңде 1500 текше метр су үнемделеді екен.

Әкімдіктің айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталысымен жағдай қалыпқа келеді.

Серік Ғұсман, қала әкімінің орынбасары:

- Кәсіпкерлік субьектілері бар, 1 тараптары, көлік жуу бекеттері, сауна, моншаларды ауыз судан тоқтату мәселесі шешім қабылданды. Қазіргі кезде 81 нысан айырылуда. Бір ай көлемін жоспарлап отырмыз. Әрі қарай 2-деңгейдегі коммерциялық нысандар бар. Мысалы, ресторандар мен су көп тұтынатындармен жұмыс істейміз.

Сондай-ақ...