Депутаттар дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті

Елде медицина қызметкерлерінің еңбегі бағаланбай жатыр.

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспанның айтуынша, ақ халаттылар күнделікті жұмысында тек ауыр дертпен күресіп қана қоймай, үнемі азаматтардың дөрекі әрекетіне тап болады. Олардың қауіпсіздігін ешкім жауап бермейді. Мәселен, 2019 жылдан бері жедел жәрдем қызметінің дәрігерлеріне 43 рет шабуыл жасалған. Осы орайда депутаттар дәрігердің өміріне қауіп төндіретін әрекеттерді заңдастыруды ұсынды. Оларды қорғау тәртібін де бекіткен жөн. «Бұл мақсаттарды орындау үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлу қажет», - деді депутат.

Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Пандемия кезінде дәрігерлердің еңбегі қаншалықты бағалы екендігін бәріміз де түсіндік. Оларға барынша қолдау көрсетуге тырыстық. Бірақ жеке азаматтар ақ халаттыларға қатысты дөрекі мінез танытып, қол көтерген жағдайлар да аз емес. Сондықтан Үкімет бұл мәселені қолға алып, дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.