Елордада сотталғандар жұмыс істейтін тігін фабрикасы ашылды

Елордада сотталғандар мен тәртіп сақшыларының есебінде тұрған азаматтар жұмыс істейтін тігін фабрикасы ашылды.

«Еңбек» атауымен іске қосылған кәсіпорын жанында оқу орталығы құрылады. Жаңа фабрика 120 адамды қабылдауға дайын. Қазір елде осы сынды 4 кәсіпорын мен 11 тігін учаскесі бар. Мұнда 1250 адам жұмыс істейді. Олар тігін өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін, құрылыс материалдарын, пластик бұйымдар мен металл конструкцияларын өндіру, ағаш өңдеу, жиһаз дайындаумен айналысады. Әзірге түрмеде отырғандардың 49 проценті ғана екі қолға бір күрек тапқан. Жаңа фабриканың ашылуы бұл көрсеткішті арттыруға сеп болмақ.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Сотталып шыққан азаматтар үшін жұмысқа орналысу қиын. Олар түрмеден кейін осында келіп жұмыс істей алады. Бұл тігін фабрикасына 120 адам орналаса алады. Мұнда сотталған адамдарға, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қажетті  киім мен маска шығарылады.