Қызылордада қызмет барысында қаза тапқан полицейдің ата-анасына құрмет көрсетілді

Қызылордалық полицейлер қызмет бабында қаза тапқан лейтенант Талғат Қозыбаевтың ата-анасына сый-құрмет көрсетті.

Ол бұған дейін II-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған болатын. Сырдария ауданында Талғат Қозыбаевтың атында көше бар. Сондай-ақ өзі оқыған №135 орта мектепке ескерткіш орнатылды. Қазақстан полициясы құрылғалы Қызылорда облысында қызметтік борышын өтеу кезінде 5 полицей қаза тапты. Антына берік, еліне адал қызмет еткен сақшылардың Полиция күніне арналған шарада мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылып, естеліктер айтылды. Отан алдындағы борышын атқарып жүрген тәртіп сақшылары марапатталды.

Бектөре Сұлтан, полиция департаментінің бастығы:

- ҚР ІІМ қызметтік борышы кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына ерекше көңіл бөледі. Ер есімі – ел есінде.

Шынаркүл Кіребаева, Т.Қозыбаевтың анасы:

- Мына менің баламды елеп департамент, аудандық бөлім бастығы, қызметкерлері бәрі келіп жатыр. Алғысым шексіз, еңбекте табысты болсын.