Елордадағы инфекциялық ауруханалар жартылай толып тұр

Соңғы уақытта ел астанасында қауіпті вирус жұқтырғандар саны көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар дертке шалдыққандар арасында жастар көбейгенін айтады. Бұған дейін 60-тан асқан азаматтар тәуекел тобында болса, қазір індетке душар болғандардың көбі 40-қа жетпегендер. Жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндер де азаймай тұр. Өткен тәулікте 3000 шақырту түскен.