Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 13 адам көз жұмды

25 маусымдағы жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 85 оқиғасы және 2 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 45 адам емделіп шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздан бастап бүгінге дейін коронавирус пневмониясына барлығы: шалдықты – 56 925 адам, қайтыс болды – 983, жазылды 52 143 науқас.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 25 маусымда коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмды.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурызы – 2021 жылдың 25 маусымы аралығында індеттің 418 114 жағдайы тіркелді, қайтыс болды 4306 адам.

Айта кетейік, 24 маусымда ел өңірлерінде коронавирус пен коронавирус пневмониясынан 17 адам ажал құшты.