Астанада LRT құрылысы жанданды

Нұр-Сұлтанда LRT жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Құрылыс алаңынан ірі техникаларды, ҚХР-дан келген жұмысшылар мен LRT үшін қажет жаңа конструкцияларды көруге болады. 

CTS көлік компаниясының мәліметінше, қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта Қытайдың мердігер ұйымы – CNTIC консорциумы шарт міндеттері шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық жүргізіп жатыр. Олар жүргізетін құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесі пандемияға байланысты түзеліп отырады», - деп хабарлады CTS өкілдері.