Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады.

Бұл туралы Үкімет сайты хабарлайды.

«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын! Біздің елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы өркендеуі мен жетістіктерінің айқын көрінісі, Қазақстан халқының күш-қуатының, оның ерік-жігері мен қиындықтарды қаймықпай еңсеріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізе алуының айғағы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің, барлық қазақстандықтардың күш-жігері мен еңбегінің арқасында бүгінгі таңда елордамыз халқымыздың мақтанышына және Қазақстан экономикасының дамуының локомотивіне айналды. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін!», - делінген Маминнің құттықтауында.