Қызылордада бала күтуші құны 3 млн теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті

Қызылордада бала күтуші құны үш миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Қызылордада үй иесінің зергерлік бұйымдарын ұрлаған бала күтуші ұсталды. 10 шілде күні Қызылордада жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, қымбат зергерлік бұйымдарының ұрланғанын айтқан. Жатын бөлмедегі шкафтың ішінен құны үш миллионнан асатын қымбат зергерлік бұйымдар ұрланған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған бала күтуші анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.