Күзет қызметіне талап күшейтіледі

Кеңсе, ғимараттарда орналасқан күзеттер орталықтандырылған бақылау пультімен қамтамасыз етілуі керек. Бұл жөнінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Жиында террористік қауіп туындаған кезде күзет компанияларының нысандарды қорғау бойынша дайындығы пысықталды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ісіне мемлекеттік қадағалауды енгізу мәселесі қаралды. Бұл алдымен тілсіз жаумен күрес кезінде жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік беріп, өрттің алдын-алуға септігін тигізбек.