Электронды үкімет порталының қосымша алаңы іске қосылды

Елімізде Электронды үкімет порталы қайта құрылады.

Бұл туралы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Арман Әбдірасылов айтты. Оның айтуынша, Үкіметтік 12 порталдың қосымша қоры құрылады.

«Бұл модернизация жұмысты жеңілдетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Және басқа да техникалық шараларды оңтайландыруға жағдай жасайды», - деді басқарма төрағасы. Электронды үкімет порталын қайта құруға  2 млрд теңгеге дейін инвестиция тартылады.