424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда әуежайы 17 сағаттық режимге көшеді

  • 91
  • UPD: 15:22, 19.07.2021
Елорда әуежайы 17 сағаттық режимге көшеді

Ұшу-қону жолағы мен жарық-сигналдық жабдықтың жоспарлы ағымдағы жөнделуіне байланысты 21 шілде мен 9 тамыз аралығында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшып шығу және ұшып келу кестесі өзгертілетін болады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Әуежайдың жұмыс уақыты тәулігіне 24 сағаттан 17 сағатқа дейін қысқартылады. Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар 1 сәуірден бастап барлық әуекомпаниялармен алдын ала бекітілді, соған сәйкес олар рейстер кестесін өзгертті. Осыған байланысты барлық жолаушылардан әуежайға алдын ала тіркелуге және әуекомпаниялардың колл-орталықтарында рейстердің ұшу уақыты туралы толық ақпаратты нақтылауды сұраймыз. Түсіністікпен қарауларыңызды, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген әуежайдың ресми хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы