Алтай Көлгінов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Күллі мұсылмандар үшін қасиетті әрі ұлы мереке – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ықылым заманнан бірлік пен мейірімнің, бейбітшілік пен қайырымның мерекесі болған айт мерекесі адамзат ортасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді. Осы қиын кезеңде әрбір жан бір-біріне қолдау көрсетуге, көмектесуге тырысады. Жасаған ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, барлық игі бастамаларыңызға табыс тілеймін!» делінген құттықтауда.