Елімізден Сейшел аралдарына рейс ашылды

Алматы мен Сейшел аралдары арасында тікелей әуе қатынасы ашылды. Алғашқы чартерлік ұшақ 2 тамыз күні ұшады.

168 орындық А320 лайнері әуеде 9 сағаттай қалықтап, діттеген жеріне келесі күні таңда жетеді. Рейсті осы елдің ұлттық әуе компаниясы іске асырады. Бұл өз кезегінде туристер ағынын 500 адамға арттырады деген болжам бар. Егер бәрі ойдағыдай болса, қыс айларында да Қазақстаннан жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұған дейін Алматы мен Милан арасында да тұрақты рейс ашу көзделгенін айтқан едік. Жалпы биыл еліміз Түркия, Өзбекстан, Беларусь елдеріне халықаралық рейс санын көбейтті.