Қазақстанда жалған құжат жасау дерегі артты   

Қазақстанда жыл басынан бері құны 1 млн теңгенің жалған ақшасы тәркіленді.

Ұлттық банк келтіргендей, алты айдың ішінде жалған ақша жасаудың 336 дерегі анықталған. Оның ішінде 2 мың және 5 мыңдық купюра жиі кездеседі. Сонымен бірге бір жылдың ішінде жалған құжат, мөр және марапаттарды жасау дерегі  артқан. Финпром сайты хабарлағандай, соңғы 12 айда бұл көрсеткіш 9%-ке өскен. Яғни жалған құжат пен мөр жасаудың 1 жарым мыңға жуық жағдайы тіркеліп отыр. Мұндай құжаттар мен марапаттарды көбіне Шымкент және Алматы өңірінде жиі жасайды. Жарты жылдың ішінде 94 құқық бұзушылық анықталған.