Елордада соңғы күндері коронавирустан 22 адам қайтыс болған

Елорда коронавирус жұқтырып, көз жұмғандардың саны бойынша тізімнің басында тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешелі бері 22 адам қайтыс болған. Жалпы қазір бас қаладағы жансақтау бөлімдерінде 260 науқас жатыр. Оның 40-ы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы реанимацияда жатқандар вакцина алмаған азаматтар дейді. Оның үстіне қазір стационарларда коронавирус жұқтырған балалар да бар. Ауруханаларға тәулігіне шамамен он шақты жеткіншек түседі. Жалпы елордада әуелде инфекциялық және реанимациялық бөлімдерде 3900-дей орын дайындалса, соның 2900-і қазір толған.