Елордада тәртіп сақшылары ерекше автошеру өткізді

«Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз». Елордалық тәртіп сақшылары осындай атаумен автошеру өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара жаңа оқу жылына орайластырылды. Жедел жәрдем және апатқа ұшыраған көлік тиеген арнайы техника орталық көшелермен жүріп өтті. Сол арқылы полицейлер жол ережесін елемеудің салдарын түсіндірді.

Аида Кадролдинова, Есіл аудандық ювеналды полиция бөлімшесінің басшысы:

– Кәмелетке толмағандардың арасында мектептің айналасында, балабақшалардың айналасында көптеген кездесулер өткізіледі, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Ата-аналарына өздерімен кәмелетке толмаған балаларын жол көлігінде қалай алып жүруіне, балалардың мектепке баратын жолдарында қалай жүруіне қатысты көптеген кеңес беріледі.