Кәсіпкерлікті қолдауға 1 трлн теңге бөлінеді

Елдегі кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 1 трлн теңге қаржы бөлінеді.

Президент Жолдауында жүктелген негізгі міндет – «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын жүзеге асыру. Осы іс аясында кәсіпкерліктің тынысын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, бюджеттік саясат, мемлекеттік қарызды басқару және ұлттық қорды пайдалану тұжырымы жасалады.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін «жеке қосалқы шаруашылықтар» туралы заң әзірленеді. Құжат ауыл шаруашылығы саласын ұзақмерзімді субсидиялау механизмін қалыптастырады. Әрі өндірушіден тікелей тұтынушыға дейінгі баға саясатын реттейді.