Қазақстаннан Сауд Арабиясына рейстер ашылады

Қазан айының үшінші онкүндігінен бастап SCAT әуе компаниясы Алматы – Джидда және Алматы – Медина бағыттары бойынша аптасына бір рейспен ұшуды бастайды.

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия  2021 жылғы 7 қыркүйектегі отырысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады», – делінген ҚР ИИДМ таратқан мәліметте.

Сауд Арабиясына рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Сауд Арабиясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Бұған дейін еліміз 20 елмен әуе рейстерін жандандырғанын хабарлағанбыз.