Елордада «Жастар жалыны-2021» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасуда  

 

Нұр-Сұлтанда «Жастар жалыны-2021» жастар шығармашылық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдануда. Оған вакцинациядан өткен 29 жасқа дейінгі елордалық ЖОО студенттері қатыса алады, деп хабарлайды Хабар 24 елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауқымды жобаға қатысуға өтінімдер 11 қазанға дейін қабылданады.

Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі. Оның ішінде: эстрада, ұлттық би, заманауи би, музыкалық аспаптар, айтыс, поэзия, медиа, театр, сурет салу, жастардың күші.

Конкурсты Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырады. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050 Стратегиясында 2021 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында көрсетілген жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді іске асыруға; елорда жастарының шығармашылық дамуы үшін жағдай жасауға; студент жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамытуға; студенттерді эстетикалық және этикалық тәрбиелеу жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Байқауға КВИ-ға қарсы вакцина алған елордалық ЖОО-ның 29 жасқа дейінгі студенттері қатыса алады.

«Жастар жалыны-2021» конкурсант білім алатын ЖОО-ның жастар ісі жөніндегі комитеті арқылы жүзеге асырылады.

Салтанатты ашылу 11 қазанда өтеді, ал жеңімпаздардың есімдері 16 қазанда өтетін гала-концертте белгілі болады.