Елімізде заңсыз қызмет белгілері бар қаржы ұйымдарының тізімі жарияланды

Осыған байланысты құзырлы органдар азаматтарды аса сақ болуға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар халыққа жақсы таныс пирамидалық жүйе бойынша қызмет көрсетіп, қыруар қаржы құюды ұсынуы мүмкін.

Сондай-ақ брокерлік механизм арқылы да сан соқтырып кетеді дейді сала мамандары. Толыққанды тізім Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында жарияланған. Онда мемлекеттік орган 64 заңсыз бірлестіктің тізімін ұсынды.