Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар жайлы жинақ жарыққа шығады

Елде жыл соңына дейін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар жайлы жинақ жарыққа шығады. Бұл туралы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Сабыр Қасымов біздің арнаға берген сұхбатында айтты.

Айтуынша, кітапта қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері  мен қоса басқа да азаматтар жайлы тың деректер де бар. «Кезінде жазықсыз жазаланған тұлғалардың ұрпақтарын іздейміз»,– деді ол. Алдағы уақытта зұлмат заманда құдалауға ұшыраған жүз мыңнан астам адамның құжаты жиналып, зерттеліп, архивтер жинақталады.

Сабыр Қасымов, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі:

– Бұрын олардың бәрі құпия болған. Оның бәрін сараптап, заңгерлерді тартып жатырмыз. Экспертиза жүргізеді. Сол актілерден зардап шеккендерді ақтаймыз. Жаңа заң қабылдаймыз. Қазіргі заңдарға өзгеріс енгіземіз. Құпия болып жатқан фондтарды ашып жатырмыз. ҰҚК жүзден астам істі ашты.