Үкімет басшысы жол құрылысын тексерді

 Премьер-Министр Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан және Қарағанды өңірлеріндегі жол сапасын тексерді.

Асқар Мамин «Өскемен-Талдықорған», «Қалбатау-Майқапшағай», «Үшарал-Достық», «Қарағанды-Балқаш-Қапшағай», «Меркі-Бурылбайтал» автожолының құрылысымен танысты. Бірқатары пайдалануға берілген. Кейбірінің құрылысы толықтай келесі жылы аяқталмақ. Ұзындығы 768 шақырым болатын «Өскемен-Талдықорған» автожолы жыл соңына дейін ашылады. «Үшарал-Достық» автожолының 145 шақырымы салынып қойды. Ал Қарағанды облысында Премьер-Министр жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Күрті-Қапшағай» автомобиль жолын тексерді. Өскемен қаласында Үкімет басшысына халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстары аяқталғаны туралы баяндалды. Жолақтың ұзындығы 2800, ені 60 метрге дейін кеңейтілді. Жалпы биыл елде 8 мың 400 шақырым жол салынып, жаңартылды. Оның 5 мың шақырымы республикалық, 3 жарым мыңы жергілікті маңыздағы жол.