Ақмолада құрылысшылар өз қаражатына сапасыз жолдарды қайта жөндеді

Жол құрылысында 600-ден астам заң бұзушылық орын алған. Құзырлы орган мамандары Ақмола облысындағы құрылыс сапасын тексеру кезінде осындай олқылықтарды анықтады.

Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығының мәліметінше, заң бұзушылықтың жартысынан астамы өрескел кемшілік. Бірқатар мемлекеттік мекемеге ескерту жасалып, мердігерлерге шара қолданылды. Нәтижесінде құрылысшылар өз қаражаты есебінен 127 млн теңгеге сапасыз салынған жолдарды қайта жөндеді.

Айта кетейік, биыл Ақмола облысында 800 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарланып, оған бюджеттен 37 млрд теңге қаржы қарастырылған болатын.

Марат Түркістанов, Ұлттық сапа орталығы филиалының зертхана меңгерушісі:

- Биылғы жылы біздің филиал 250-ден артық шығыс жүргізіліп, жол сапасының 1200-ден артық үлгісін алды. Солардың 350-ден астамы сапаға сай келмеді. Біздің зертхана аккредитациядан өткен. Қазір мемлекеттік мекеме. Басты міндетіміз қолданылатын материалдардың және жұмыстарының сапасын тексеру.

Сондай-ақ...