Елордада соңғы үлгідегі VisuMax лазерімен көзге операция жасалады

Елордада VisuMax лезерінің көмегімен көзге операция жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл шыққан аппаратты елімізге RB Smile-мен бірге RB Clinic әкелді. Жаңа қондырғының көмегімен көзге ота жасау құны шамамен 200-700 мың теңгенің аралығында. Операцияны «Алтын скальпель» халықаралық сыйлығының иегері, тәжірибелі офтальмохирург Ришат Бигелдиев жасайды.

Соңғы үлгідегі VisuMax лазерімен бір көзге операция небәрі 25 секундта жасалады. Екі көзге ота жасау көп дегенде он минутты алады. Бәрі мына аппараттың көмегімен жүзеге асады. RB CLINIC-тің мамандары қиын деген операцияның өзін сәтті жасап шығады.

Ришат Бигелдиев, Rb Clinic-тің негізін қалаушы:

– Бұл – Carl Zeiss зауытынан 15 наурызда шыққан лазер. Содан бірден Қазақстанға, атап айтқанда RB Clinic-ке жеткізілді. Ал сәуір айынан бастап біз осы аппарат арқылы көзге операция жасауға кірістік. Күн сайын ReLEx-Smile әдісімен клинкада 6-7 операция жасалады. Екі аптада бір өзге де әдістер арқылы, атап айтқанда Femto-Lasik және FRK-мен де ота жасаймыз.

Өткен көктемнен бері Ришат Бигельдиев жаңа лазердің көмегімен 300 ден аса операция өткізген. Көру қабілетін жақсартуға келген адам мына жерде алдымен тексерістен өтеді. Биыл емханада қондырғының бәрі жаңартылған.

Ришат Бигелдиев, Rb Clinic-тің негізін қалаушы:

– Біз әр күн сайын таңда ReLEx-Smile әдісімен коррекция жасаймыз. Бұл өте ыңғайлы. Таңда жасасақ, сол күні-ақ бізге келген адамның көру қабілеті өте жақсы болып кетеді. Өзін жайлы сезінеді. Тіпті көлік те жүргізе берсе болады. Жұмысына да емін-еркін қатынай алады. Яғни, операция жасағаннан соң көздің қалыпқа келуіне көп уақыт қажет емес.

RB CLINIC 2016 жылы ашылған. Мұнда көзге микрохирургиялық операция, лезерлік коррекция жасалып, адамдар көру қабілетін жақсартатын өзге де ем-домды қабылдай алады. Емханада жыл сайын 3 мыңнан аса операция өткізіледі.

Авторлары: Қорған Қонысбайұлы, Ержан Қанапияұлы