Еліміздің 1922 ауылы сусыз отыр

Әсіресе Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында ауыз су тапшылығы байқалады.

Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Айтуынша, бұл өңірлердің әкімдіктері халықты сумен қамту жұмыстар қарқынын арттыру керек. Осы орайда алдағы уақытта 793 елді мекенде орталықтандырылған жүйелер салып, 1129 ауылға кешенді блок-модуль орнату жоспары бар. Ал 50 елді мекенде су құбырлары кеңейтіледі. Бұл жұмысқа бюджеттен 40 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін Қазақстанда ауыз су мәселесі толық шешілуге тиіс. Сондай-ақ министр суды тиімді пайдалану мақсатында сараланған тариф енгізу қажеттілігін атап өтті.