Египеттен 3 мыңға жуық Қазақстан азаматы елге жеткізіледі

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Бұл шектеу шарасы коронавирустың «Омикрон» жаңа штамы таралуының алдын алу мақсатында енгізілді.  Екі ел арасындағы әуе рейстерін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбе қалаларынан Шарм-Эль-Шейх қаласына «Эйр Астана» және «SCAT» әуе компаниялары орындап келді. Қазір Египетте 3 мыңға жуық Қазақстан азаматы бар. Олар 10 желтоқсанға дейін аталған әуе компанияларының рейстерімен елге жеткізіледі. Жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакциналау құжатының бар-жоғына қарамастан, мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап мерзімі 72 сағаттан аспаған ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы көрсетуі тиіс. Сондай-ақ 7 күнге оқшаулануы керек.

Сондай-ақ...