Қазақстанның ең үлкен Туы биікке көтерілді

Қазақстанның ең үлкен туы биікке көтерілді. Бұл салтанат ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналды.

Нұр-Сұлтан қаласының орталығындағы «Атамекен» этномемориалдық кешені аумағындағы көк байрақты Мемлекеттік күзет қызметі көтерді. Бейнежазбаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли жария етті.

«Байрағымыз тек биіктен желбірей берсін!» деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.