Түркістан облысында әкімнің бұрынғы орынбасары алаяқтық үшін жазаланды 

Түркістан облысында Бәйдібек ауданы әкімінің бұрыңғы орынбасары 14 млн теңге айыппұл арқалады.

Сот оны мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырды. Тергеу деректеріне сүйенсек, фронт-кеңсе құрылысына 22 млн теңге бюджет қаржысын бөлу үшін ол фирма директорынан 1 млн теңге алыпты.