Өнер адамдары халықты сабырға шақырды 

Талай ән-жырға арқау болған ару қала Алматыда бүлікшілердің ойран салуы барша өнер адамының қабырғасын қайыстырды, деп хабарлайды хабар 24.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев осылай деді. Сондықтан ол қылмыскерлердің әрекетіне ел болып  қарсы тұруға шақырды.

Аманжол Әлтаев, айтыскер ақын:

– Әрбір ата-ана отбасындағы жас өсіп келе жатқан  жеткіншектерді, жалындап тұрған жастарды осындай теріс әрекеттерге, әрбір экстремистік топтардың айтақтарына еріп кетпеуге ақыл-кеңестерін беріп, балаларын тәрбиеге шақырса екен деймін. Осындай қиындықтан ел болып өтсек екен деймін.