Ақтауда қоғамдық көліктер жүре бастады

Ақтауда қоғамдық көліктер жүре бастады
inAktau.kz

Қазір автобустар мен жеңіл көліктер қаладағы орталық алаңды айналып өтіп жатыр.

Бұл уақытша амал. Алдағы уақытта қоғамдық көлік қозғалысы бұрынғы тәртіппен жалғасады дейді жауаптылар. Сонымен қатар Ақтау халықаралық әуежайы мен темір жол вокзалы штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын да айта кету керек. Ұшақтарға билет бірнеше тәулік әуежайда кідіруге мәжбүр болған жолаушыларға бірінші кезекте сатылады.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды