Қызылордада антитеррорлық операция жалғасып жатыр. LIVE

Өңірде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 201 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Хабар 24.

Олардың қазір 50 шақтысы ауруханада жатыр. Бұзақылармен болған қақтығыста 20-дан астам полиция қызметкерлері жарақат алды. Олардың басым бөлігі жеке құрам сапына оралды. Жалпы облыс орталығында антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Өңірдегі ахуал туралы әріптесім Қамбар Бекенов тікелей қосылым арқылы айтып берді.

Қамбар Бекенов, тілші:

Сәкен Бөрібаев, облыстық ПД кадр саясаты басқармасының басшысы:

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды