Қарағанды облысында 31 адам қамауға алынды 

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланған күннен бері 447 құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Хабар 24.

Тәртіпке бағынбай, «төтенше жағдай режимін» бұзған 31 адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары жүргізген рейд кезінде тиым салынған 17 зат тәркіленген. Оның ішінде тегіс ұңғылы 9 мылтық бар. Бұған қоса есірткі сақтаудың 6 фактісі анықталды.

Айта кетейік, қазір Қарағанды маңына 8 блок бекет қойылған. Кірген-шыққан көліктердің барлығы жіті тексеріледі.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

– Қарағанды облысында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Қарағанды облысының Полиция департаменті, полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарайтын тұрғындарға алғысын білдіріп, тағы да азаматтардан төтенше жағдайдың барлық талаптарын орындауды сұрайды.