Қостанай облысында 11 блок бекет алынды

Өңірдегі жағдай тұрақталды. 13 қаңтар сағат 18:00-ден бастап күре жолда орналасқан бірқатар блок бекеттердің жұмысы тоқтады.

Атап айтқанда өңірде М36 Алматы –Екатеринбор, Алматы – Екатеринбор күре жолының 422 шақырымы, Алматы – Екатеринбор күре жолының 722 шақырымы Сарыкөл ауданындағы Севостопольский кенті Қостанай-Мамлютка тас жолының 245 шақырымы Ұзынкөл ауданындағы Троебратное кенті Қостанай-Әулиекөл тас жолының Новонеженка кенті Қостанай-Мамлютка тас жолының 60 шақырымы Алматы – Екатеринбор тас жолы Алтынсарин ауданы, Щербаков кентіндегі блок бекеттер алынды.

Ал Қостанай облысының Ақмола және Ақтөбе облыстарымен шекараларындағы 3 блок бекеттің жұмыс әзірге жалғасып жатыр.