ДСМ: Айыппұл туралы ақпарат – жалған

«Қызыл» мәртебесі бар қазақстандықтар банк картасымен не QR коды арқылы төлем жасаса, 92 мың теңге айыппұл арқалайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Whats App мессенджерінде қаулап жүрген бұл ақпарат көпшілікті алаңдатып қойды. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жазбаның жалған екенін мәлімдеді. Себебі айыппұл өзін өзі оқшаулау режимін бұзғандарға ғана салынады. Оны Ашық жүйесін сканерлегенде ғана анықтауға болады.