Елде Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Елде мемлекет басшысының тапсырмасымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды.

Жаңа құрылым қарулы күштерге қарайды. Әрі ұлттық қауіпсіздікке жауап береді. бұл туралы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау жүйесінде жазылған. Осыдан екі апта бұрын қасым-жомарт тоқаев «Қарулы күштердің, құқық қорғау құрылымдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының, сыртқы барлау қызметтерінің жұмысы қайта құрылады» - деген еді. Сол кезде тағы бір айтқаны - Ішкі істер министрлігіндегі арнайы құрылым мен Ұлттық гвардияның да құрамы кеңейтіледі. Яғни жасақтардың саны артады. Күштік органдардағы барлық арнайы мақсаттағы жасақтың жалақысы өседі. Шекара қызметін басқару ісі де қайта қаралады.