ҚР ІІМ: Ұрланған 747 қару тәркіленді

Үш аптада Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында ұрланған қарудың басым бөлігі тәркіленді.

Бұл туралы ҚР ІІМ өкілі Санжар Әділов брифинг барысында айтты. Тәркіленген қару саны 747 бірлік пен 18 мыңнан астам оқ дәріні құрайды.

«5 қаңтарда Алматыдағы қару-жарақ дүкенін тонаған Жамбыл облысының 33 жастағы тұрғыны 30 қаңтарда ұсталды.

Алматыда қару-жарақ ұрлаған төрт тұрғын ұсталды. Олардан 10 мылтық тәркіленді. Тәртіп сақшыларынан ұрланған оқ өткізбейтін кеудешелер мен қалқандар да тәркіленді.

Сот санкциясымен ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ол.